17 сәуір күні Көкшетау қаласының тарихы музейі А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетімен бірлесе «Көкшетау: тарих парақтары» атты іс-шара өткізді. Көкшетау қаласының құрылған күніне арналған іс-шара студенттер дайындаған шағын концерттік бағдарламамен басталды. Сөз кезегін экскурсиялық-көпшілікпен жұмыс бөлімінің меңгерушісі К.М.Нұрғалиева алып, студенттер мен ұстаздар ұжымын Көкшетау қаласының тарихы музейінің жұмысымен таныстырды. Ғылыми қызметкер А.Қ.Әміржанова қаламыздың «Көкшетау: тарих парақтары» атты дәріс оқып, «Қасиет қонған құт мекен – сұлу Көкше» атты жылжымалы көрме арқылы Көкшетау қаласының құрылу және даму кезеңдері, туған өлкеміздің тарихы туралы баяндады.