Қаланың ең көне көшелерінің бірі – Ақан сері көшесі ХІХ– ХХ ғасырдың басында Ивано-Вознесенская көшесі деп аталды. 1938 жылы Көкшетау қалалық Кеңесі Төралқасының қаулысымен ол Пролетарская көшесі, ал 1999 жылдың 25 желтоқсанынан бастап бұл көше әйгілі ақын, композитордың құрметіне Ақан сері көшесі (1843-1913) деп аталды.
Қазіргі таңда бұл көшеде «Көкшетау» МС, Ақмола облыстық орыс драма театры, Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясы, Ақан сері және Біржан салға арналған ескерткіштер, 1941-1945 жылдары өткен Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жерлестерге арналған мемориалдық кешен, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университет жанындағы көпсалалы колледж, №10Өрт сөндіру бөлімі бар, «Білім-инновация» лицей-интернаты, Ю.А. Гагарин атындағы №33 балабақша, әулие Антоний Падуанский шіркеуі орналасқан.