Бүгін Көкшетау қаласының тарихы музейі қызметкерлері «Туған қалам –қазынам» жобасы аясында Бурабай ауданына қарасты Ақылбай ЖОББ мектеп оқушыларының назарына «Қасиет қонған құт мекен – сұлу Көкше» атты жылжымалы көрмені ұсынды. Іс-шара барысында ұстаздар ұжымы мен оқушылар Көкшетау қаласының құрылу және даму кезеңдерімен, туған өлкеміздің тарихымен танысты.