Әлия Тәшенова 1985 жылы 28 қаңтарда Көкшетау облысы, Володар ауданы, Пятилетка ауылында дүниеге келген.
Ветеринарлық-санитариялық фельдшер-инспектор мамандығы бойынша Ж.Қизатов атындағы Есіл а/ш колледжін бітірген. Қазіргі уақытта Көкшетауда тұрады.
Сұлулық индустриясында 10 жылдан астам жұмыс істейді, классикалық ерлер мен әйелдер маникюр және педикюр шебері. Модельдік бизнесте тәжірибесі бар, 2023 жылы «Миссис Көкшетау» байқауының жеңімпазы.
2023 жылдың қыркүйегінен бастап ол сыртқы және спорттық киімдерді тігумен айналысады. 2024 жылдың ақпан айынан бастап қазақ ұлттық нақыштағы киім, аксессуарлар, бас киімдерді сыпыра, әйелдер сөмкелерін, такияларды және т.б. тіге бастайды. Көптеген қалалық көрмелерге қатысып, алғыс хаттармен марапатталған.