Көкшетау қаласының тарих музейінің қоры қаламыздың және бүкіл өңір экономикасының дамуына зор үлес қосқан адам – Төлеу Сүлейменов туралы жаңа материалдармен және құжаттармен толықтырылды. Төлеу Сүлейменов белгілі қоғам қайраткері, ауыл шаруашылығы саласының талантты басшысы және ұйымдастырушысы, облыстық астық өнімдері өндірістік басқармасының бастығы. Оның арқасында Көкшетауда элеватордың жанынан «Ақ бидай» мәдениет сарайы, емхана, балабақша, №8 орта мектебі салынды, сол кезде көптеген сала қызметкерлері пәтер алды. 2002 жылдан бастап «Правда» газеті атындағы көшесіне елеулi еңбегiмен ел есiнде қалған өр тұлға –Төлеу Сүлейменовтің есімі берілді. Ал 2022 жылы «Достар» МС алдындағы алаңға оның бюсті орнатылды.
Музей қорына материалдарды Көкшетау қаласының Құрметті Азаматы, Ақмола облысының денсаулық сақтау саласының ардагері Болат Жанәділов пен Төлеу Сүлейменовтің қызы Ляззат Төлеуқызы тапсырды.
