Алма Қазезтайқызы Көкшетау облысы Зеренді ауданы Қошқарбай ауылында 1973 жылдың 18 маусымында дүниеге келген. Көкшетау Қазақ педагогикалық колледжіннің түлегі. Мамандығы — бастауыш сынып мұғалімі. Қазіргі кезде Көкшетау қаласында тұрады. Алма Қазезтайқызы мектеп қабырғасынан бастап қолөнер үйірмесіне қатысып, тұрмысқа керек заттарды тігіп үйренді. Қазіргі кезде ұлттық киімдерді насихаттап жатқан ісмер. Ол Астана қаласында өткен «Хас шебер» қауымдастығының қолөнер шеберлерінің фестивальдарына, облыстық, республикалық деңгейдегі көрмелерге қатысып, халқымыздың қолөнерлерін дәріптеп насихаттауда. Алма Қазезтайқызының ұлттық нақыштағы әсем көрпе-жастықтары , ұлттық киімдері көпшілік сұранысына ие.