Қазақ ұлттық мәдениетінің ең байырғы, аса құнды салаларының бірі – қолөнері.
Ұлыстың Ұлы күні қарсаңында Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Көкшетау қаласының тарихы музейі» КММ ұйымдастыруымен «Creative Open-space Nauryz» жобасы аясында «РИО» сауда-ойын-сауық орталығында сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің “Ұлттық қолөнер – халық қазынасы” атты көрме-жәрмеңкесі өтті.
Көрмеде жергілікті ісмер-қолөнер шеберлері: құрақ көрпе, кимешек, қыз жасауын тігетін Ұлжалғас Қабденқызы Қарымсақованың, сырмақ, ши, тұскиіздер, басқұрлар, шашақбаулар жасайтын Смағұл Кенжебай Смағұлқызының, құрақ көрпе, сыпыра, қыз жасауын “Күнтай құрақ” брендінің негізін қалаушы Гүлнар Жылқайдарқызы Серікжанованың, киізден ұлттық бұйымдар жасайтын Гүлнар Мырзағалиқызы Орынбаеваның, киізден аяқкиімдер тігетін Алма Аменқызы Кәкімованың, қыштан, киізден бұйымдар жасайтын Вера Ивановна Фризеннің, қыздардың бас киімдерін тігумен айналысатын Шынар Шалғынбайқызы Досмағанбетованың, табиғи тастардан ұлттық нақыштағы әшекейлер жасайтын Жібек Хайырденқызы Сұлтанованың, табиғи тастардан, былғарыдан ұлттық стильдегі әшекейлер мен кәдесыйлар жасайтын Ғайша Алтынбайқызы Медетованың қолдарынан шыққан ұлттық нақыштағы бұйымдар көпшілік назарына ұсынылды.
