Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесі қарсаңында Көкшетау қаласының тарихы музейіне Н.С.Әбішева жартығасырлық тарихы бар сандықты сыйға тартты. Оны 1957 жылы Жәргенова Шәмшияға үйлену тойына анасы – Сейталина Камария Сейітәліқызы берген. Қалыңдықтың жасауына арналған сандық ағаштан жасалып, темірден соғылған ұлттық ою-өрнектермен безендірілген. Мұндай тарих пен сырға толы сандықтар халқымыздың салт-дәстүрі мен мәдениетінің байлығының қазынасы болып табылады.
