 1996 жылы Көкшетауда Ш.Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театры ашылды. Театр өз қызметін 6 наурызда Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері – Ақтоқты» пьесасы бойынша қойылған спектакльдің премьерасымен бастады.
 1991 жылы 15 наурызда Красный Яр ауылында «Көкше» мәдениет үйі пайдалануға берілді. Мәдени ошағының ашылу салтанатына Қазақстанның ақын және жыршылар қоғамының тұңғыш президенті Көкен Шәкеев қатысты.
 1944 жылы 16 наурызда орталығы Көкшетау қаласы болатын жаңа Көкшетау облысы құрылды. Көкшетау қаласы алғаш рет облыс орталығы болды. Көкшетау облысына Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімшілік бағыныстылығынан шығарылған 11 аудан кірді.