Камила Ахметжанова – 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Көкшетау қаласының тарихы музейі ұйымдастырған нетворкинге қатысушылардың бірі. Камила кондитерлік өнермен жақында айналыса бастаса да, бұл салада ол өзін мол тәжірибесі бар шебер ретінде көрсете білді. Кондитер суретші сияқты «Текстура», «Пропорциялар», «Композиция», «Гармония» үлкен өнерге тән барлық мәселелермен жұмыс істейді.