8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Көкшетау қаласының тарихы музейінің ұйымдастыруымен «Friends» кофеханасында өткен қолөнершілермен нетворкинг ерекше шабыттандыратын және айтулы оқиғаға айналды.
Іс-шараға әртүрлі қолөнер салаларының шеберлері: кондитер Камила Ахметжанова, киіз басу шебері, ұлттық қолөнер шеберханасының меңгерушісі Гүлнар Орынбаева, «ҚАЗАҚТЫҢ ҚҰРАҒЫ» брендінің негізін қалаушысы Гүлнар Серікжанова, қуыршақ жасау шебері Анастасия Елисеева, стрейч жаттықтырушы Айдана Нұрқышева қатысты. Кофехана тәжірибе алмасудың тамаша орнына айналып, мұнда әрбір қатысушы өз жұмыстарымен, шығармашылық жолындағы оқиғаларымен бөлісіп, қонақтарды өз өнері арқылы шабыттандырды. Кездесу барысында шеберлік сабақтары өткізіліп, қатысушылардың жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылды. Бұл іс-шара қолөнершілердің өз ісіне берілгендігін, шығармашылық әлеуетін атап өтуге мүмкіндік берді.
