8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай мәдениет саласының дамуы мен гүлденуі жолында табанды еңбек етіп жүрген әйелдер қауымын мерекемен құттықтау мақсатында Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы Айгүл Баубекқызы Сәбитова Көкшетау қаласының тарихы музейінің қызметкерлерін – Бақтыгүл Қабибұллақызы, Айгүл Сайлаубекқызы, Евгения Николаевнаны шұғылалы көктемнің шуақты мерекесімен құттықтап, алғыс хаттар табыстады.
Құрметті әріптестер, марапаттарыңыз құтты болсын! Денсаулық пен сәттілік, өркендеу мен бақыт, шексіз махаббат тілейміз!
