
Әлемдегі телефон нөмірлерінің алғашқы анықтамалығы 1878 жылы 21 ақпанда Америкада пайда болған екен. Көлемі бір беттік анықтамалық 50 абонент туралы мәліметтен тұрған. Біздің елімізде телефон нөмірлерінің анықтамалығын тұрғындар 90-шы жылдардың соңына дейін қолданып келген. Заман ағымына сай, бүгінгі күні ұялы телефондар мен стационарлық телефон нөмірлері құрылғының жадында, СІМ-картада сақталады. Кезінде өте қажетті нәрсе болған заттың бір данасы – 1954 жылы жарық көрген Ақмола қаласы бойынша телефондық желілер анықтамалығын Көкшетау қаласының тарихы музейі қорынан көруге болады.
