Елисеева Анастасия Викторовна — қолөнер шебері, суретші. 1985 жылы 4 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов ауданында туған. (бұрынғы Көкшетау облысы, Куйбышев ауданы с/з Урожайный). Көкшетау қаласындағы ПТЛ-ді әмбебап шаштараз, визажист-стилист мамандығы, А. Мырзахметов атындағы университетті «Интерьер дизайны» мамандығы бойынша тәмамдаған. Білімін Ш.Уәлиханов атындағы университеттің «Бейнелеу өнері және сызу» факультетінде жалғастырып, 2018 жылы аталмыш мамандық иесі атанған.
Авторлық қуыршақтар жасаумен айналысатын Анастасия Викторовна өз шығармашылығында графика, май, акрилді қолданады. Өзі таңдаған сала бойынша үнемі өз-өзін дамытумен айналысады. 2023 жылдың қаңтарында Санкт-Петербург қаласындағы Мүсін және анатомия мектебінің «SculptArt School» онлайн курстарын ойдағыдай аяқтады.
Көптеген қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі көрме-жәрмеңкелерге, фестивальдерге белсенді қатысып жүрген шебердің қуыршақтары көпшілік көңілінен шығуда.






