20 ақпан күні Көкшетау қаласының тарихы музейі қызметкерлерінің қатысуымен Гуманитарлық-техникалық лицей-мектебінде өткен іс-шара өлкеміздің тарихына арналды. Лицей-мектебімен бірлесе ұйымдастырылған «Тұлға тұғыры» атты әдеби-музыкалық іс-шара барысында Музейдің ғылыми қызметкері Салтанат Жанатқызы Бижанова оқушылар назарына туған қаламыздың тарихи кезеңдеріне арналған фотокөрме, слайд ұсынып, өлкеміздің дамуына зор үлес қосқан біртуар тұлғалар туралы баяндап берді. Іс-шара барысында оқушылар қаланың танымал адамдары туралы жобаларын ұсынып, туған жерге деген ыстық ықыластарын өрелі өлең, әсем әндерімен жеткізді.




