Саттыбаева Анар Талапқызы 13 шілде 1989 жылы Көкшетау қаласында дүниеге келген. Суретші, қыш өнерінің шебері.
Көкшетау қаласындағы балалар көркемсурет мектебінің 2007 жылғы түлегі.
2007-2011 ж.ж. Ш.Уәлиханов атындағы КМУ «Туризм, спорт және дизайн» факультетінің бейнелеу өнері және дизайн кафедрасында «Бейнелеу өнері және сызу мұғалімі» мамандығына оқыды.
2012-2014 ж.ж. А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің «Педагогика және психология» мамандығы бойынша магистратура бітірді.
2011-2012 жж. Көкше академиясының дизайн кафедрасының аға оқытушысы болып жұмыс істеді.
2012-2016 жж. Балалар көркемсурет мектебінің мұғалімі.
2016 жылдан бүгінгі күнге дейін «Гранат» шығармашылық мектебінің иесі және жетекші оқытушысы.
Қалалық, облыстық, республикалық деңгейдегі түрлі көрмелер мен іс-шаралардың белсенді қатысушысы Анар Талапқызы бейнелеу өнерінен, оның ішінде керамикадан шеберлік сабақтарын өткізеді.
«Гранат» шығармашылық студиясының оқушыларының білімі мен тәжірибесін байыту мақсатында қаладан және елімізден тысқары жерлерде (Өзбекстан, Қырғызстан) ашық пленэрлер ұйымдастырады.



