Бектас Кеңесбек Бектасұлы – «Хладокомбинат» ЖШС-нің негізін қалаушы және директоры, Көкшетау қаласының Құрметті азаматы.
Ол 1939 жылдың 10 ақпанында Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан ауданына қарасты Чернак ауылында туған. Кеңесбек Бектасұлы Көкшетау облысы Пески ет комбинатының директоры, сондай-ақ Көкшетау облыстық «Казмясомолторг» кәсіпорнының директоры болып қызмет атқарған. Ал 1997 жылы заңды тұлға ретінде «Арасан» ЖШС кәсіпорнын ашып, кейіннен оның атауы «Хладокомбинат» ЖШС-не өзгертіледі. «Хладокомбинат» ЖШС қызмет еткен жылдары қаланың барлық сауда-саттық орындары мен бюджеттік кәсіпорындарды ет өнімдерімен толықтай қамтылады. Сондай-ақ, кәсіпорын өнімдері қала, облыс атынан түрлі республикалық жәрмеңкелерге шығарылды.
2009 жылдың 12 ақпанында Кеңесбек Бектасұлына «Көкшетау қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.