Бүгін, 8 ақпан күні АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблюм мырза Көкшетау қаласының тарихы музейінде болып, күнделікті өмірде қолданылған тұрмыстық заттар мен бұйымдар арқылы халқымыздың ұлттық құндылықтарымен, қаламыздың даму тарихымен танысты. Қонақтар әсіресе “Ұлттық этнография” залын ерекше қызығушылықпен тамашалап, ағылшын тілінде экскурсия өткізген музей экскурсоводы Руслан Сәбитұлына ризашылығы мен музей ұжымына арнаған жылы лебізін Тілек кітабына жазып қалдырды.





