Досмағамбетова Шынар Шалғынбайқызы Зеренді ауданына қарасты Ақан ауылында 1963 жылы 31наурызда дүниеге келген.
Бала кезінен Қайша әжесінің текемет басып, алаша тоқып, құрақ көрпе жасағанын көріп өскен Шынар Шалғынбайқызы іс тігумен жастайынан айналысқан. Ол қазіргі таңда ұлттық нақыштағы киімдер тігіп қана қоймай, қалалық, облыстық қолөнершілер жәрмеңке-көрмелеріне қатысып, өз өнері арқылы шетелдік туристер мен отандастарымызға ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуде. Шебердің қолынан шыққан ұлттық нақыштағы бұйымдар көпшілік көңілінен шығуда. Ол өңіріміздің мәдениетінің дамуына қосып жүрген үлесі үшін бірқатар Алғыс хаттармен марапатталған. Әсіресе қыз балалардың бас киімдерін тіккенде, олардың ұлттық болмысымызға үйлесімді, ұлттық нақышта жасалуына үлкен мән береді. Шеберлік өнерін ұстаздық мамандығымен қатар алып жүрген Шынар Шалғынбайқызы жас қыз-келіншектерді ісмерлікке баулып, сүйікті кәсібін кейінгі буынға өнеге ету жолында.



