Бүгін Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері, Көкшетау қаласының Құрметті азаматы Жақыпов Алпысбай Жақыпұлының туғанына 100 жыл.
Алпысбай Жақыпұлы Ақмола облысының Көкшетау ауданына қарасты Жаңаауыл елді мекенінде 1924 жылдың 5 ақпанында дүниеге келген.
1942-1944 жылдары Курск, Орловск бағыттарында, Сталинград түбінде және Балтық жағалауы майдандарында неміс фашистеріне қарсы соғысқа қатысып, төрт рет ауыр жарақаттар алған.
1973 жылы Көкшетау облыстық жергілікті өнеркәсіп басқармасының бастығы лауазымына тағайындалғанға дейін ол аудандар мен облыстың партиялық ұйымдарында қызмет етті.
А. Жақыпов I дәрежелі Отан соғысы, III дәрежелі Даңқ ордендерімен, сондай-ақ үш мәрте Еңбек Қызыл Ту орденімен, «Құрмет Белгісі» орденімен және көптеген медальдармен марапатталды. Ел игілігі үшін ұзақ жылдар бойы атқарған қажырлы еңбегі еленіп, Алпысбай Жақыпұлына 2001 жылдың 27 тамызында «Көкшетау қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.
