Бүгін Көкшетау қаласының Құрметті азаматы, қолөнер шебері, ақын, қоғам қайраткері, ұстаз Айтжанова Шәмшия Ғабдолқызы 95 жасқа толар еді.
Шәмшия Айтжанова Павлодар облысы, Шарбақты ауданына қарасты Құлат ауылының тумасы. Өзінің еңбек жолын 1948 жылы Павлодар облысына қарасты ауыл мектебінде мұғалімдіктен бастайды. 1992 жылы оның басшылығымен Көкшетау қаласының №3 орта мектебінде «Ақтоты» өнер мектебі ашылып, кейіннен 1995 жылы Балалар шығармашылық үйінде «Шәмшия апай» атты өнер мектебіне ұласып, кілем тоқу, домбырада ән салу, би билеу сынды ұлттық өнер түрлері дәріптеледі. 1992 жылы қазақтардың алғашқы Бүкіләлемдік құрылтайына қатысқан. Өмірін өнерімен өрнектеген Шәмшия Ғабдолқызы «Қазақстан Республикасының білім беру саласының үздігі» белгісімен марапатталып, «Халық шебері», «Әлем елдері өнері» ассоциациясының лауреаты атанған.
