Шынар Өтегенқызы Солтүстік Қазақстан облысының Ғабит Мүсірепов ауданына қарасты 15 жылдық Қазақстан ауылында 1988 жылдың 26 сәуірінде дүниеге келген. Көкшетау қаласындағы Абай Мырзахметов атындағы университет түлегі. Мамандығы — педагог-психолог. Қазіргі кезде Көкшетау қаласында тұрады. Шынар Өтегенқызы 2016 жылдан бастап қолөнермен айналысып, қыз жасауын дамытып келе жатқан ісмер. Ол Көкше өңірінің өзге де танымал сәндік-қолданбалы қолөнер шеберлерімен қатар облыстық, республикалық деңгейдегі түрлі этнографиялық көрмелерге қатысып, халқымыздың қолөнерін дәріптеп, насихаттауда. Шынар Өтегенқызының ұлттық нақыштағы әсем көрпе-жастықтары көпшілік сұранысына ие.



