Бүгін, 25 қаңтар күні Ақмола облысы мәдениет басқармасының шағын алқа отырысында Көкшетау қаласының тарихы музейі 2023 жылғы атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді. Жиын барысында Музей директоры Ботагөз Жәкенқызы Ғабдуллина өткен жылды қорытындылады. Басқарма тарапынан музей қызметі жоғары бағалануы қызметкерлерге шабыт пен тың идеяларды жүзеге асыруға серпін берді. Сонымен қатар 2024 жылға бекітілген жұмыс жоспары талқыланды.