Көкшетау қаласының тарихы музейі қорының «Сөмкелер мен аксессуарлар» топтамасы әйелдердің сөмке-кланчымен толықты. Ол 1950 жылдары «Кожгалантерейная артель инвалидов» ұйымымен жасалған және сол кездегі эстетика мен талғампаздықты бейнелейтін қызықты музейлік жәдігер болып табылады.
ХХ ғасырдың ортасына мұндай сөмкелер нәзік жанды арулардың болмыс-бейнесін толықтырып, әйел сәнінің маңызды элементіне айналды. Олар былғары, мақпал, жібек және тіпті металды қоса алғанда, әртүрлі материалдардан жасалған. Біздің модельдегідей сырмалы қысқышы немесе металдан жасалған қыспа-түймелігі бар сөмкелер аса дәріптелді. 1950 жылдары жасалған кланч заманауи дизайнерлер мен сән әуесқойларының шығармашылығына шабыт сыйлар бұйым ретінде ерекше маңызға ие музейлік жәдігер.
