Омарова Райхан Закрияновна — 1969 жылы Көкшетау облысы Зеренді ауданы Өндіріс ауылында туып-өскен. Он жылдық мектепті бітіргеннен соң Көкшетау педагогикалық институтын 1990-1995 жылдары көркем-сурет факультеті бойынша тәмамдаған. 1995-2000 жылдары ауылдық жерлерде мұғалімдік қызмет атқарған. 2003 жылдан бүгінгі күнге дейін Көкшетау қаласындағы №6 мектеп-лицейінде «Сызу және бейнелеу өнері» пәнінің мұғалімі қызметін атқарып келеді. Құрғақ жүн басу әдісімен картина жасаумен шұғылданады. Тұмар, алқалар жасайды. Тігінмен сурет салып, ши тоқиды. Мектепте мұғалімдік қызмет барысында қыз балаларға қолөнердің түрлі әдістерін меңгертіп, облыстық, республикалық конкурстарда жүлделі орындар иеленіп жүр.




