Бисара Мәкенова 1954 жылы 20 қаңтарда Семей облысы Ақсуат ауданы Көкжартас ауылында дүниеге келген. 1979 жылы Республикалық эстрада-цирк өнері студиясын «домбырамен ән айту» мамандығы бойынша тәмамдап (қазіргі Жүсіпбек Елебеков атындағы Алматы музыкалық колледжі), қазақ вокалдық-аспаптық ансамблі құрамында Көкшетау облыстық филармониясына жолдама бойынша келеді. Осы кезден бастап облыстық филармония сахнасында ол сүйікті әндерімізді орындаушы ретінде кеңінен танымал. Сонымен қатар, Бисара Мәкенқызы Франция, Түркия, Индонезия, Польша, Венгрия, Германия сахналарында өнер көрсетіп, еліміздің мәдениетін шетелдіктерге паш еткен сүйікті әншіміз.