Естай Мырзахметов (1927 – 2008) – жазушы, аудармашы, публицист, ҚР Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, Көкшетау қаласының Құрметті азаматы.
Естай Мырзахметұлы 1927 жылы 15 қаңтарда Бурабай ауданына қарасты Жарқайың ауылында туған. Солтүстік Қазақстан облыстық «Ленин туы» газеті редакциясында, содан кейін «Лениншіл жас» газеті редакциясында еңбек еткен. 1966-1969 жылдар аралығында «Көкшетау правдасы» газеті редакторының орынбасары қызметін атқарған. Қаламгердің шығармашылық мұрасы: Ақан сері, Біржан сал, Балуан Шолақ, Үкілі Ыбырай сынды ақын-жыршылардың өмірі мен шығармашылығы туралы зерттеу очерктері, «Медет» романы, «Он бес жыл өткен соң», «Қайроштың аманаты», «Қара жолдың бойында» повестері мен жүзге тарта әңгіме.