Көкшетау қаласының тарихы музейі қорында сақталған шырша ойыншықтарының топтамасы шыршаға арналған әшекейлермен толықтырылды. Олар Новгород облысының Малая Вишера қаласының бай тарихы бар шыны зауытында ХХ ғасырдың 1980-ші жылдарының соңында жасалған.
«Ескі Жаңа жыл» қарсаңында қаламыздың тұрғыны Татьяна Поплавская музейге осындай ретро сыйлық жасады. Шыныдан жасалған жылтыр шарлар мен мүсіншелер салынған қорап – біздің бақытты балалық шағымызды еске салар жарқын естелік.