Кәрім Бектас — Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі, Шортанды ауданының Құрметті азаматы, мәдениет саласының үздігі, суретші, қолөнер шебері 1960 жылы 30 желтоқсанда Моңғолияның Баян-Өлгий аймағының Байкөл ауылында дүниеге келген. Бектас Кәрімұлы 1980 жылы Ұлан-Батыр қаласының мемлекеттік университетінің театр факультетін бітіріп, еңбек жолын 1981 жылы Баян-Өлгей музыкалық драма театрында театр сахнасының суретшісі ретінде бастады. 1974 жылдан бастап Бектас Кәрімұлы көптеген байқаулардың қатысушысы болды. Бірнеше рет дипломдармен марапатталған.
1992 жылы Моңғолиядан суретшілер тобымен бірге Ленинград қаласындағы Репин атындағы кескіндеме және мүсін мектебінің курстарына жіберіледі.
2005 жылы Бектас Кәрімұлы отбасымен бірге өзінің тарихи отаны Қазақстанға қоныс аударады.
2006 жылдан бастап Шортанды ауылында тұрып, балалар шығармашылығы үйінде сабақ береді. 2007 жылдан бастап Шортанды Мәдениет үйінде сахна суретшісі болып жұмыс істейді.
Бектас Кәрімұлы талантты суретші,өз өлкесінің патриоты, оның жұмысы өз елінен тыс жерлерде танымал болды. Оның жеке көрмелері әрдайым үлкен қызығушылық тудырады. 2019 жылдан бастап Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі. Шортанды аудандық мәдениет үйінде дарынды балаларға арналған сурет студиясы ұйымдастырылды.






