Көкшетау қаласының Құрметті азаматы Терещук Виктор Александрович 1942 жылдың 2 қаңтарында Украина жерінде туған. 1974 жылы Туризм және экскурсия бойынша Көкшетау облыстық Кеңесінің төрағасы болып сайланады. Аталған қызметте 12 жыл жұмыс істейді. Қызмет барысында Виктор Терещук туған қала тарихын тереңінен зерттеген. Кейіннен қаламгерлікке бойұсына бастайды. «Степной маяк» газетінде редакторлық қызметті де атқарады. Виктор Терещуктың бүгінде баршаға танымал мынадай туындылары бар: «Рассказы о Кокчетаве», «Из дальних странствий», «Жертва безумия», «Сын земли» және т.б.
1995 жылдың 10 сәуірінде қала тарихы мен өлкетану саласына қосқан ерен еңбегі үшін «Көкшетау қаласының Құрметті азаматы» атағын иеленген.
