Гаукар Қожахметова — сәндік-қолданбалы өнердің шебері. Қолөнермен бала кезінен айналысады, тігуді және тоқуды анасынан үйренген. Қазір ол жіптермен, бисермен, таспалармен кестелейді. Уақыт пен шыдамдылықты талап ететін күрделі, нәзік жұмыстарды орындағанды жақсы көреді.
«Мұндай хоббимен жақын адамдарыма мерейтойлар, үйлену тойлары және қоныс тойларына сыйлық таңдауда қиындықтар болмайды: менің әуестігім туралы білетін жақындарым мен достарым жібек, моншақ немесе таспалармен кестеленген картиналарға немесе сағаттарға тапсырыс береді. Шығармашылығым көпшіліктің көңілінен шығып, адамдарға қуаныш сыйлайтындығы мені қатты қуантады», – дейді Гаукар Қожахметова.
20.12.2023
