Кәкімова Алма Аменқызы —  киізден аяқ киім жасау шебері. Бастапқы кезде жай хобби ретінде қызығушылық танытып, отбасы және туыстарына, қарт ата-аналарына арнап жасаған. Кейін тапсырыстар түсе бастап, істерін кәсіпке айналдырған. Әркез Көкшетау мен Астана қалаларында сәндік қолданбалы және этнокөрмелерге барып, сауда орталықтарында өтетін жәрмеңкелерге қатысады. Алма Аменқызы қазір заманауи етік, кроссовкалар, кеңсе аяқкиімдері, мокасиндер, түрлі түсті тәпішкелер жасайды. Алма Аменқызының ұлттық нақыштағы бұйымдары жергілікті тұрғындар мен туристер арасында сұранысқа ие.

14.12.2023