7 желтоқсан күні, «Көкшетау» МС қазақ эстрада әншісі, Қазақстанның халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Қазақстанның Еңбек Ері» Роза Қуанышқызы Рымбаеваның шығармашылығына 50 жыл толуына орай, ән кеші өтті. Концертте халық әртісімен бірге оның талантты ұлдары Әли Оқапов пен Мәди Рымбаев барша халыққа танымал тамаша туындыларды орындады. Шығармашылық кеш Үкілі Ыбырай атындағы облыстық филармония симфониялық оркестрінің, «Гәкку» және «Аманат» би ансамбльдерінің сүйемелдеуімен өтті.

14.12.2023