Біздің қаладағы ең көне мешіт XIX ғасырдың соңында салынғанын білетін бе едіңіздер? Назарларыңызға Е. Әуелбеков көшесінде орналасқан «Жақия қажы» қалалық мешітінің тарихынан бірқатар фактілерді ұсынамыз.
• 2016 жылға дейін мешіт алғашқы имамы болған Науан Хазірет есімімен аталған;
• мешіт мұсылман қауымның жинаған қаражатына Науан Хазіреттің бастамасымен салынған;
• мешіт жанынан жәдид типті медреселер ашылған, яғни діни біліммен қатар зайырлы пәндер оқытылған;
• кеңестік дәуірде мешіт мұнарасы бұзылып, әр жылдары түрлі мекемелер: әскери бөлімше, Көкшетау облыстық тарихи-өлкетану музейі, көрме залы орналасқан қарапайым ғимаратқа айналды. 1989 жылы мұсылман қауымның өтініші бойынша мешіт намазхандарға қайтарылды;
• Ғимараттың мешітке қайтарылуына қазақ елінде қазият төрағасы қызметін атқарып, кейін Көкшетау қаласының бас имамы болған Жақия қажы Бейсенбайұлының сіңірген еңбегі зор. 2016 жылы сәуір айында мешітке Жақия қажының есімі берілді;
• 2020 жылы көне ғимараттың жанына жаңа мешіт салынды.
08.12.2023


