Қарымсақова Ұлжалғас Кабденқызы қол-өнер шебері жас кезінен әжесінен қолөнерді үйреніп, меңгереді. «Әжем көрпе тігуді, киіз басуды ши тоқуды үйретті. Сол әжемнің үйреткенінің арқасында осы дүниелердің барлығын жасау қолымнан келеді» — дейді апамыз. Ұлжалғас Кабденқызы Көкшетау қаласында Ертөстік балабақшасында жұмыс істеп, сол жерден зейнетке шығады. Зейнетке шыққан соң қыз жасауларын тігуді бастайды, жастарға, келіндерге қазақ қолөнерін үйретуді насихатайды. Қазіргі таңда Ұлжалғас апай тапсырыс бойынша қыз жасауларын тігеді. Жергілікті сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің көрмесіне қатысып өз өнері арқылы шетелдік туристер мен қонақтарға, жас ұрпаққа қазақ халқының ұлттық құндылықтарын дәріптеуде.

05.12.2023