Қараша айында Көкшетау қаласының Құрметті азаматы, ақын Сырым Рахымовтың туғанына 75 жыл толды. Осыған орай Көкшетау қаласының тарихы музейінің ұйымдастыруымен Қазақ қалалық үлгілі кітапханасында «Көкшенің сырбаз ақыны» атты ақынды еске алу кеші өтті.
Іс-шараға Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы А. Б. Сәбитова, Ақмола облысы бойынша ТЖ Департаментінен әріптестері — С. А. Асылбеков, Л. Г. Бутова, қоғам қайраткері, ақын А. Қ. Ахетова, журналист, ақын Б. Тасова, БАҚ өкілдері, Ш. Уәлиханов атындағы мемлекеттік университет жанындағы көпсалалы колледждің 3 курс студенттері қатысты. Кеш қонақтары көкшелік сырбаз ақын, ардақты азамат Сырым Рахымұлы туралы тамаша естеліктерімен бөлісті. Жергілікті танымал ақындармен қатар студент жастар да Сырым Рахымұлының туған жерге деген сүйіспеншілікке толы лирикалық өлеңдерін оқыды. Жоғары буын өкілдері іс-шараның жас ұрпақ үшін маңыздылығына тоқталып, музей ұжымына жылы лебіздерін білдірді. Кеш соңында қонақтардың назарына тақырыптық көрме ұсынылды.