Бүгін Көкшетау қаласының Құрметті азаматы, қоғам қайраткері Кәрімов Мәулетбай Кәрімұлының туғанына 95 жыл.
Мәулетбай Кәрімов (17.11.1928 – 22.04.2003) Көкшетау облысы Чкалов ауданы (қазіргі Тайынша ауданы) Зеленый Гай ауылында дүниеге келген. 1942 жылы еңбек жолын Жарқайың колхозынан бастайды. 1946-1947 жылдары «Көкшетау правдасы» газеті редакциясында әдеби қызметкер болып қызмет етеді. 1960 жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдап, 1961 жылы Алматы Жоғарғы партия мектебіне оқуға түседі. Мәулетбай Кәрімов Еңбекшілдер аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, Рузаев аудандық комитетінің бірінші хатшысы, Көкшетау облыстық комитеті жанындағы партиялық бақылау комиссиясының нұсқаушысы қызметтерін абыроймен атқарған. М.К.Кәрімов зейнеткерлікке шыққаннан кейін де қаламыздың қоғамдық өміріне, оның гүлденіп, дамуына өз үлесін қосып, Бейбітшілік қорын басқарды. 2001 жылдың 10 наурызында Мәулетбай Кәрімұлына “Көкшетау қаласының Құрметті азаматы” атағы берілді.