1951 жылы Көкшетау қаласының қонақтары үшін екі қабатты «Восток» қонақ үйі салынды. Бұл ғимарат өзіндік сәулетімен және бірегейлігімен көз тартатын. Кіре берісі алты бағанамен, едені сәнді кілеммен безендірілген ғимарат іші әрдайым жайлылығымен, әрі тазалығымен ерекшеленетін. Қонақ үй сәнді жиһаздалған отыз бес бөлмеден, мейрамхана, оқу залы, демалыс бөлмесі және коммуналдық қызмет көрсету бөлмесінен тұрды. «Восток» — 1960 жылдардың соңына дейін қаламыздағы жалғыз қонақ үйі болатын.