1964 жылы Бұқпа тауында теледидар станциясының құрылысы басталды. 1967 жылдың қазан айында 180 метрлік телемұнара тұрғызылды. Қалада теледидар пайда болды. Қала тұрғындары сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері облыстық телебағдарламаларды тамашалауға мүмкіндік алды. Алғашында жергілікті телеарна тек жаңалықтарды ғана көрсеткен. Біртіндеп телебағдарламалар пайда бола бастады. Күнделікті телетрансляция кешкі көркем фильмнің көрсетілімімен аяқталды. 1967 жылы көкшетаулықтар 3234 теледидар сатып алды. 1960 жылдардың аяғында Көкшетау қаласындағы «Мелодия» дүкені қала тұрғындарына «Балтика», «Лотос», «Снежок», «Аврора», «Зорка», «Волхов» маркаларының теледидарларын ұсынды.