«Бір жәдігер тарихы» айдары.
Музейіміздің көне жәдігерлерінің бірі — киім-кешек, мата бұйымдардың қыртысын жазып, үтіктеуге арналған тұрмыстық зат — рубель. Рубель — 20 ғасырдың басында үтіктің орнына қолданылған, ұстауға ыңғайлы тұтқасы бар тікбұрышты ағаш тақта.
Тақтаның бір жағында жартылай цилиндр пішінді үшбұрышты тістер ойып жасалған, ал екінші жағы тегіс. Ол оқтау тәріздес ағаш затпен бірге қолданылған. Жуылған дымқыл киімді, не болмаса кез келген мата бұйымды тақтайға тығыздап орап, ағаш таяқпен ысқылап, қыртысын жазатын болған.
Бұл рубель — музейімізге қала тұрғыны В. Соловьев табыстаған құнды жәдігер.