Абай көшесіндегі Қылшақты өзені арқылы өтетін темірбетоннан жасалған көпір осыдан 65 жыл бұрын, 1958 жылы салынғанын білетін бе едіңіз? Оған дейін вокзалға өзен арқылы тек 1 Мамыр көшесінен (1974 ж. бастап М. Ғабдуллин көшесі) Урицкий көшесіне (1999 ж. бастап Е. Әуелбеков көшесі) немесе Пролетарская көшесіне (1999 ж. бері Ақан сері көшесі) бұрылып өтуге болатын.