Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Ұлы Отан соғысының ардагері Роза Шамжанованың туғанына 100 жыл толуына арналған «Ел ардақтысы – Роза Шамжанова» атты еске алу кеші өтті. Кеш барысында Көкшетау қаласының тарихы музейі тақырыптық көрме ұйымдастырды.