1950-ші жылдардың басында қаланың негізгі көшелеріне асфальт төсеу жұмыстары басталды. Ол кезде асфальт-бетон зауыттарының мүлде жоқтығынан мұндай жұмыстарды кең көлемде жүргізу мүмкін емес еді. Битум-қиыршық тас қоспасы үлкен қазандықтарда тікелей жол жұмыстары жүргізілетін жерде дайындалып, көше жолдарына құйылатын. Фотосуретте 1954 жылы Абай (Карл Маркс) көшесіндегі асфальт төсеу жұмыстары көрсетілген.