Бүгін Көкшетау қаласының тарихы музейі қызметкерлері Зеренді ауданына қарасты Қызылсая орта мектебінде «Қасиет қонған құт мекен – сұлу Көкше» атты іс-шара өткізді. Республика күніне арналған танымдық-тағылымдық іс-шара барысында ұстаздар ұжымы мен оқушылар Көкшетау қаласының құрылу және даму кезеңдерінен мағлұмат беретін жылжымалы көрме арқылы туған өлкеміздің тарихымен танысты.