Қол диірмен. Ежелгі заманнан бері қол диірмен үй шаруашылығының маңызды құралдарының бірі болып табылған. Қол диірменді тек бидай емес, сонымен қатар кез келген азықты ұнтақтау үшін пайдаланған. Көне жәдігерді Щучье ауданының тұрғыны А.А.Есмағұлова музейге сыйға тартқан болатын. Кезінде ата-әжесі қолданған диірменнің арқасында соғыс кезінде бүтін бір ауыл аштықтан аман қалған екен.