
«Ұлттық мұра-ұрпаққа аманат» музейлік жоба аясында «Көкшенің қолөнер шеберлері» атты айдарымызды жалғастырамыз.
Кенжебай Смағұл киіз басып, иірілген жіптен тұскиіз, сырмақ, шашақбау,басқұр,киіз үйдің басқа да әсем жабдықтарын жасайды, ғасырлар бойы қалыптасып келе жатқан ұлттык қолөнер ши тоқумен айналысады. Ұзына бойы әр түстi жүнмен немесе жібекпен оралған шым ши ертеде кереге сыртына тұтылып, киіз үйдің сәнді жиhаздарының бірі болып табылған. Абылайханның, Абайдың және т.б тұлғалардың бейнесiн кiлемге түсірген шебер.
Кенжебай Смағұлқызының тамаша туындыларын Көкшетау музейлерінің экспозицияларынан көруге болады. Қолнер шеберi түрлi iс-шараларға белсенді қатысып, жастарға өз өнерін насихаттап үйретумен және сонымен қатар қайырымдылықпен айналысуда.
