ҚР Президентінің «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауы осы күндері қызу талқылануда.
Осы мақсатта 21 қыркүйек Көкшетау қаласының тарихы музейі қызметкерлері әскери-техникалық мектепте «Ел дамуының алдағы кезеңдегі басым бағыттары» атты дәріс-сұхбат өткізді. Іс-шара барысында курсанттар Жолдауда белгіленген ел дамуының басты бағыттарымен, алға қойылған мақсаттармен танысып, қаламыздың құрылуы мен даму тарихы туралы мағлұмат алды.

