20 қыркүйек күні Көкшетау қаласының тарихы музейінің ғылыми қызметкері А.К.Амиржанова «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен өтіп жатқан этно-медиаторлардың семинар-тренинг қатысушыларына автобустық экскурсия өткізді. Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарынан келген қала қонақтары сұлу қаламыздың көрікті жерлері – Болашақ сарайы, жағажай, Абылай хан және Тәуелсіздік алаңдарында, Бұқпа шоқысындағы қарау алаңында болып, сүйікті қаламыздың құрылу және даму тарихымен танысты. Көкшетау қаласының тарихы музейінде жалғасын тапқан экскурсиядан меймандар жағымды әсермен қатар өлкеміз жайлы қызықты мағлұмат алды.