Зейнеткерлікке шыққаннан кейін қоғамдық жұмыстармен белсенді айналысып, өлкетану материалдарын библиографиялық жинақтаумен айналысты. 1980-2000 жылдардағы қаламыздың әлеуметтік, экономикалық, мәдени салаларын қамтитын фотосуреттер мен газет материалдары бар жүзден астам тақырыптық папкалар– кәсіпқой, тәлімгер және ұстаздың, мәдениет саласының ардагері Тасова Сифат Серікпайқызының қажырлы еңбегінің жемісі. Қала тарихы музейінің ұжымы Сифат Серікпайқызының отбасына сыйға тартқан материалдары үшін шын жүректен алғыс білдіреді, олар біздің музейіміздің Көкшетау тарихын зерттеу үшін баға жетпес ақпараттық және мәдени қор болып табылады.