14 қыркүйек күні, Қазақстан халқының тілдері онкүндігіне орай Көкшетау қаласының тарихы музейі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 8 сыныбында  «Туған тілім — тірлігімнің айғағы» атты  интерактивті сабақ-викторина өтті. Іс-шара барысында музей экскурсоводы   Г.Қ.Зарапова Көкшетау қаласының құрылу және даму тарихын баяндайтын жылжымалы көрмемен таныстырса, А.Қ.Амиржанова тілдер күніне орай қызықты  ойындар өткізді. Интерактивті викториналарға белсенді қатысқан  оқушыларға кәдесыйлар  табысталды.